Астанада ертеңнен бастап Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жұмысына өзгерістер енгізіледі

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада Тілендиев даңғылынан Сарыарқа көшесіне қарай көліктердің өту қарқынын жоғарылату үшін, қыркүйектің 23-і таңертеңгі сағат 7-ден бастап Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа көшелерінің қиылысында қозғалысты реттейтін бағдаршамның жұмысына өзгерістер енгізіледі.
None
None

Бұл туралы қалалық Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

Сонымен бірге, автожолдар қиылысымен жаяу жүргіншілердің ағынын реттеу үшін турникеттік қоршаулар орнатылады. Сондай-ақ, жол үстіндегі белгілерге, оның ішінде жолақтар бойынша қозғалыс бағыттарына өзгерістер енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар