Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды

АCТАНА. KAZINFORM – Елордада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылып, салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук қатысты. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.

Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды
Фото: Қаржы министрлігі

Жаңа нысанның лентасын ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Андрей Широков қиып, осылайша жаңа штабтың жұмысы ресми түрде басталды.

Жұманғарин
Фото: Қаржы министрлігі

Аталған штаб-пәтер Еуразия аймағындағы қаржылық тұрақтандыру мен дамудың негізгі платформасы ретінде қордың әлеуетін нығайтып, оның орталық операциялық-талдау орталығына айналады.

Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды
Фото: Қаржы министрлігі

Іс-шараның аясында ЕТДҚ қызметі жөнінде, оның басым бағыттары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы презентация таныстырылды. Ашылу салтанатына қорға мүше елдердің, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды
Фото: Қаржы министрлігі

Айта кетейік, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры 2009 жылы мүше-мемлекеттердің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ілгерілетуге бағытталған аймақтық қаржы тетігі ретінде құрылды. Оған Қазақстаннан басқа Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей кірді.

Соңғы жаңалықтар