Астанада Еуразияның мұсылман ғалымдары бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 наурыз күні Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жетекшілігімен Еуразия мұсылман ғалымдарының форумы өтеді. Мұндай шешім ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қызметкерлерге шараны жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, ұйымдастыру шаралары жүріп жатыр.

«Мұндай ауқымды шара Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр және тарихи оқиға болып қалмақ. Еуропа мен Орталық Азияның 22 елінен отыздан астам делегат, атап айтқанда, бас мүфтилер, діни қайраткерлер және ислам ұйымдары мен одақтарының жетекшілері келеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.
null 

Әзірге Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзербайжан, Румыния, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Мажарстан, Хорватия, Моңғолия және тағы 18 елдің бас мүфтилері халықаралық форумға қатысатындарын растады.

Форумда Еуразия елдері пәтуаларының ортақ базасын құру мәселесі талқыланады және «Мұсылман үмбетінің тұлғалық келбеті» құжаты қабылданады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар