Астанада FourЭ Kids отбасылық фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін және ертең Астанадағы «Арай» паркінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған FourЭ Кids отбасылық фестивалі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты жазады.
None
None

Фестивальға қатысуға елордалық балалар мен ата-аналар шақырылады. Ересектер білім беру, тәрбиелеу және балаларды дамыту тақырыбындағы әңгіме-семинарға қатысып, «Ата-ана болу өнері» курсын тыңдай алады. Өз кезегінде, балалар 30 шебердің жасаған бұйымдарын тамашалайды, оннан артық елордалық орталық оқытушылары шеберлік сыныптарын өткізеді.

Бұдан басқа, балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Шара соңында «Одно Но» және «ЭЛИЗБАР» (Кельт Арфасы) топтарының қатысуымен этно-концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Фестиваль «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің және "Posadiderevo.kz» РҚБ қолдауымен өтеді. Ашылуы сағат 13.00-де.

Соңғы жаңалықтар