Астанада футболдан жасөспірімдер арасында ҚР Президентінің кубогы үшін дәстүрлі турнир өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылғы сәуірдің 25-і мен мамырдың 1-і аралығында елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан жасөспірімдер арасында ҚР Президентінің кубогы үшін дәстүрлі турнир өтеді.
None
None

Осымен үшінші мәрте өткізілгелі отырған жарысты Қазақстан футбол федерациясы мен «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырғалы отыр. Биыл бұл турнирге 1994 жылдан бері туылған жасөспірім футболшылар қатысады.

Турнирде барлығы сегіз команда өнер көрсетеді. Олар: Қазақстанның «Цесна», Ресейдің «ЦСКА» және «Зенит», Түркияның «Галатасарай», Әзірбайжанның «Бакы», Өзбекстанның «Бунёдкора» командалары және Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Республикасы мен Сербияның жасөспірімдер құрамалары. Командалар төрт-төрттен екі топқа бөлініп сынға түседі. Одан кейін олар тиісінші жетінші, бесінші, үшінші және бірінші орындар үшін таласатын болады. Турнирде жеңімпаз атанған команда - 10 мың, екінші орны алған команда - 6 мың, үшінші орын алған команда - 3 мың АҚШ долларын алады.

Бұл турнир осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Алғашқы екеуі 2008 және 2009 жылдары Алматыда өтті. Бірінші турнирде Түркияның «Бешикташ» командасы, ал екіншісінде Бразилияның «Оле Бразил Клаб» клубы кубокты жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар