Астанада G-global халықаралық қозғалысының штабы құрылды

 АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде G-global халықаралық қозғалысының штабы құрылды. Оның құрамына Жас ғалымдар кеңесінің, Жастар саясаты орталығының, «Алтын белгі» ассоциациясының және ЕҰУ-нің белсенділері кірді.
None
None

Бұл туралы Жастар саясаты орталығының төрағасы Ұлан Байдахов мәлімдеді.

Белсенді жастар қауымы өздерінің Ашық хатында G-Global 5 қағидатына негізделген, халықаралық ұйымдарға, саяси көшбасшыларға, ғалымдарға және сарапшыларға заманауи мәселелердің шешімін табу жолында күш біріктіруге шақырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «G-Global» ғаламтор-сұхбат алаңы биыл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған болатын.

«Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығуға және дағдарысқа қарсы шараларға қатысушылар қатарын кеңейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта ғаламтор-алаңында 150 мемлекеттің сарапшылары пікірсайыс және пікір талас форматында әлемдік экономикалық дағдарыстың кілтін іздеуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында сайт жаңғыртылып, 1 қарашада пайдаланушылар назарына жаңа нұсқасы ұсынылды», - дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар