Астанада геноцидке қарсы фотокөрме ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Геноцидтен ада әлем үшін» тақырыбындағы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шараны Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігі ұйымдастырды.


«22 ақпан Еуропа елдерінде Қылмыс құрбандары күні болып табылады. Геноцид қылмыстың ең ауыр түрі болып табылатыны белгілі, оны адамзатқа қарсы жасалған ескіру мерзімі жоқ қылмысқа тегіннен жатқызбайды. Біз Еуропа кеңесінің мүшесі ретінде бұл датаны айналып өте алмадық және дәл осы күні әлемде болған ең ірі зұлматтар туралы фотокөрмені ұйымдастырдық. Біздің іс-шара қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған», - деді Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Мамадов.

Шара барысында тұтас бір халықты жер бетінен жоюға арналған саясаттың құрбандарына арналып майшамдар жағылды. Көрме залы Камбоджадағы (1975 - 1979), Руанда (1984) мен Ходжалыдағы зұлматтарға (1982) және Холокост (1941 - 1945) оқиғасына арналған - төрт бөлікке бөлінді.

Соңғы жаңалықтар