Астанада Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған ауқымды шара өтуде

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Астанада Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай «Сенің тандауың - сенің болашағың» атты акция өтуде.

Оның аясында қалада жастардың қатысуымен нашақорлыққа қарсы шеруі өтеді. Велосипедке мінген 300-ге тарта қатысушы елордадағы «Отан қорғаушылар» алаңынан бастап «Жастар» сарайына дейін жүріп өтпек.

 «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған осындай шара Қазақстанда ғана емес, барлық елдерде, барлық құрлықта өткізіледі. Шеруден кейін «Жастар» сарайының маңындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының, өнер ұжымдарының концерті, сондай-ақ спорттық ойындар ұйымдастырылады. Кешке жас буынға «Астана нашақорлықсыз қала» атты би кеші өтеді», - дейді Астана қаласының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Вадим Алтынбеков.

 Шараға «Қазақстан студенттер альянсы», «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдарының және Астана қаласының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйытқысымен жасалуда.

 «Бұған мейлінше көп халықтың тартылғаны жақсы. Себебі Елбасы Н. Назарбаев атап өткеніндей, жастар - біздің болашағымыз. Олардың салған жолы қандай болса, еліміздің де жолы сол болады», - дейді В. Алтынбеков.

Соңғы жаңалықтар