Астанада халықаралық ұйымдардың қолдауымен жемқорлық мәселесіне арналған отырыс өтті

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Қазақстандағы жемқорлықпен күрестің құқықтық орталықтары мен қоғамдық тетіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш шараны «Транспаренси Қазақстан» жемқорлықпен күрес қоры Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығының қолдауымен ұйымдастырды. Осыған орай отырысқа халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Парламент депутаттары қатысты. Мәжіліс барысында олар Қазақстандағы жемқорлық мәселесіне байланысты жағдайға баға беріп, онымен күрес жұмыстарын саралады. Сонымен қатар қоғам індетімен күресте болашақта атқарылуы шаралардың жайын сөз етті. Отырыста аталған мәселелерге байланысты сөз қозғаған ЕҚЫҰ-ның елордадағы орталығының елшісі Александр Кельчевскийдің айтуынша, Қазақстанда жемқорлықпен күресте аз жұмыс атқарылған жоқ. Бұған республикада жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы дәлел болса керек. Бұған қоса Қазақстан Парламенті жақында ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Жемқорлықпен күрес жөніндегі конвенциясын ратификациялады. «Алайда бұл шараларды жемқорлықпен күресуге жеткілікті деуге болмайды. Өйткені, ол ұзақ уақытты талап ететін күрделі үдеріс. Егер жемқорлықпен күрес жүргізілетін болса, оның міндетті түрде нақты нәтижесі болғаны дұрыс. Сондықтан осы мақсатта халықаралық ұйымдармен неғұрлым тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің пайдасы зор. Бұл жерде жедел шешім қабылдауға болмайды. Сонымен бірге бұл күреске мүмкіндігінше қоғам өкілдерін де көптеп тарту қажет» деді елші.
Соңғы жаңалықтар