Астанада «Ілияс Омаров; хаттар арқалаған сырлар» жинағы таныстырылды

Ағымдағы жылғы 1 қазанда Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және қоғамдық қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист Ілияс Омарұлы Омаровтың туғанына 100 жыл толды (1912-1970).
Оның есімі Ұлы Отан соғысы жылдары халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеу, майдан мен тылды жабдықтау, қоныс аударғандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру (1942-1945 жылдары сауда наркомы), Қазақ КСР Ғылым академиясын құру (Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары), 60-жылдардағы экономикалық реформамен (1961-1967 жылдары Республикалық Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары), ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға (1959-1960 жж. «Қазақфильм» студиясының директоры, 1967-1970 жж. мәдениет министрі) байланысты кеңінен танымал болды. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметін атқарған кезде «Қазақ ССР-і тарихы» бас редакторының бірі ретінде және Қ.Сәтбаевты, М.Әуезовті, Б. Момышұлын, Ю. Домбровскийді т.б. қолдағаны үшін қуғынға түсті.
Совет интеллигенциясының жарқын өкілдері Леонид Леонов, Роман Кармен, Наталья Сац, Юрий Казаков, Анна Панкратова және басқалары оны біртуар зияткер-басшы, қазақ халқының ардақты ұлы деп санайтын. Қазақстандықтардың жадында Ілияс Омаров мөлдір таза, кең пейілді, энциклопедиялық білімді, жоғары мәдениетті, сүйкімді қылықтарымен адамды баурап алатын адам, бірақ өкінішке орай, отандық тарихта бағаланбаған тұлға болып қалды.
Ағымдағы жылы Тұңғыш Президенттің қоры «ҚР Тұңғыш Президенті Қорының кітапханасы» баспа жобасын іске асыруды бастады, оның шеңберінде шығарылатын кітаптар өңірлердің кітапханаларына, мектептер мен университеттерге тегін таратылады. Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында ұсынылған жас ақын 9 жасар Жамбыл Дүйсеннің «Періште тілек» өлеңдер жинағы жобаның бірінші нәтіжесі болды.
3 қазанда Ұлттық академиялық кітапханада жұртшылыққа ұсынылған «Ілияс Омаров: хаттар арқалаған сырлар. Из переписки Ильяса Омарова» деген деректі жинақ осы серияның екінші кітабы болып табылады.
Кітап кем дегенде 500 парақтан тұрады, қазақ және орыс тілдерінде 1500 дана болып «Раритет» баспасында шығарылды. Қордың ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп әзірлеген жинағы Ілияс Омаровтың жазған 295 хатынан және 1942-1970 жылдары оған жазған хаттардан тұрады. Осы хаттар адамды таң қалдырмай қоймайды. Ілияс Омаров әлемдік әйгілі жазушылармен, режиссерлермен, Совет Одағының ғалымдарымен, Қазақстанның таңдаулы азаматтарымен, сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарымен, балалармен хат жазысқан. Әрине, бұл біздің қолымызға тиген қолжазбалық мұрасы ғана.
Оның шын жүректен жазылған шүбәсіз образдық және сараптамалық хаттарымен танысу рухани тазаруға ықпал ететіні шындық. Оның рухы мен ақылына, жоғары лауазымды тұлғаның қарапайымдылығына, жанының мейірімділігіне, «құндақтағы адам» болмағанына таңғаласың, қоғамның рухани-адамгершілік проблемалары үшін шын пейілімен мұңайып, көп ойға түсіп, адамдарға сөзімен және ісімен көп көмек көрсеткен абзал жан болғанына көз жеткізесің.
Оқырмандар 20 ғасырдың 30-60 жылдарындағы ұрпақтардың рухани бай әлеміне қол жеткізе алады, әкелері мен аталарының қандай ойда болғандары және қандай даулы мәселелермен айналысқандары туралы танысып біледі. Хаттың авторы бізді Отанды және өмірді сүюді, өз арман-мұраттары үшін, ар-намыс үшін күресуге үйретеді. Бір жағынан Интернет және жаңа технологиялар ғасырында, сырласудың тапшылығы кезінде жарияланып отырған осы хаттар әдеби жағынан үлкен шығарма және бірін-бірі шын құрметтеудің жарқын үлгісі болып табылады.
Ілияс Омаровтың мұрасы тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекетінің қазіргі заманғы жас азаматтарына өте қажет.