Астанада Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтеді

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 16 қазан күні Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының концерт залында сағат 18.30-да мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Руханият сардары» атты кеш өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мәдени шараға Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев, Азамат Жылтыркөзов, Клара Төленбаева, республикалық конкурстардың лауреаттары Бибігүл Жанұзақ, Сейіл Аяғанов, Айзат Қарабекова, Алтынай Мамырова, «Үкілім» би ансамблі және жас талантты орындаушылар қатысады.   

Биыл Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойына арнап Қазақстанның барлық облыстарында фестивальдар, концерттер және әдеби кештер ұйымдастырылуда.

Ілияс Омарұлы Омаровтың Қазақстанға сіңірген еңбегі өте ауқымды. Жоғары лауазымды қызметтерді атқарып жүріп, еліміздің әр саласындағы  өркениетті өзгерістерге ұйытқы болған Ілияс Омаровтың мәдениет пен өнерге деген көзқарасы ерекше болатын. ҚазССР Мәдениет министрі қызметі барысында Ілияс Омаров Қазақ киносы, цирк, эстрадалық жанр, театр саласына жаңа дем беріп, қазақ жерінің өнерпаз интеллигенциясын біріктіріп, мәдениетке көп көңіл бөлді. Оның талғамы, ой толғауы, сараптамалық стилі, тиянақты тұжырымдары әдеби сыншы шеберлігін көрсетті. Сондай-ақ Ілияс Омаров ақын, жазушы, публицист ретінде де танымал.

Соңғы жаңалықтар