Астанада Индустриялық-инновациялық форумның Индустрияландыру картасына кіретін нысандармен тікелей көпір өтеді
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Индустриялық-инновациялық форум өз жұмысын бастайды.
Форумның аясында «Қазақстандық қамту-2011» көрмесі, Индустрияландыру картасы жобаларының таныстырылымы және аймақ өңірлерімен телекөпір ұйымдастырылады.
Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 8,3 триллион теңгенің 469 жобасы кіреді және осы жобалардың арқасында құрылыс жұмыстарының кезеңінде 141 мың жұмыс орнын құру және нысандарды пайдалануға бергеннен кейін 166 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың І жартысында жалпы сомасы 114 миллиард теңгенің 75 жобасы іске қосылып, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
Бүгін телекөпір барысында таныстырылатын жобалар:
1. Профильді құбырлар өндірісіне арналған зауыттың құрылысы - «Компания SONIKz» ЖШС (Алматы облысы);
2. Қазақстан Республикасында жүк вагондарының өндірісі бойынша кәсіпорын құру жобасы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС (Павлодар облысы);
3. Ақбақай алтын шығару фабрикасының алтын өндірісін жылына 2,8 тоннаға арттыру жобасы - «Алтын алмас» АҚ (Жамбыл облысы);
4. Теңіз металл құрылғыларының өндірісі - «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» (Маңғыстау облысы);
5. 3 гектар ауданды алатын жылыжай кешенінің құрылысы - «Green Technology» ЖШС (Қарағанды облысы);
6. «SsangYong» маркалы автомобильдерді құрастыру өндірісін ұйымдастыру - «АгроМашХолдинг» АҚ (Қостанай облысы);
7. Жетіген-Қорғас теміржол желісінің құрылысы - «Қазақстан темір жолы» ҰК (Алматы облысы);
8. «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта құру жобасы (Павлодар облысы).
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Индустияландыру картасының аясында жалпы сомасы 800 миллиард теңгенің 152 жобасы пайдалануға беріліп, 23 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған еді.