Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Қ. Аманжолов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қ. Аманжолов көшесін Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралықта кабельдік кәріз желісін салу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу
Фото: Астана әкімдігі

— Осыған байланысты, 9-15 шілде аралығында Қ. Аманжолов көшесі бойымен Райымбек батыр көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесі бағытына, сондай-ақ Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесі бағытына көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Астанада Қ. Аманжолов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін «Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қалай жетуге болатынын жазған едік.