Астанада Қ. Қайсенов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада SABIS халықаралық мектебіне жылу желілерін тарту жобасы аясында жылу трассасын монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
— Жұмыс жүргізілуіне байланысты Қ. Қайсенов көшесінің Т. Рысқұлов көшесімен қиылысатын тұсында 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 21:00-ден 17 тамыз күні сағат 05:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізілетін аумақта тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бұдан бұрын Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылатынын жазғанбыз.