Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 7-8 тамызы аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Абай даңғылында жөндеу жұмысына байланысты қозғалыс шектелген еді.