Астанада қалың қардан тағы бір нысанның шатыры опырылып құлады

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада қалың қардың салдарынан екі цехтың шатыры опырылып құлады.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды ескерту мен жою жөніндегі басқармасы мәлім етті.

«7 наурызда 13 сағат 35 минутта Орлыкөл көшесі 10, мекенжайы бойынша станоктар мен металл жабдықтары орналасқан орынжайда қардың уақытында тазаланбауынан 1440 шаршы метр аумақта төбе жабындысы опырылып, ортасына түсті», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды ескерту мен жою жөніндегі басқармасының бастығы Тимур Әбжановтың айтуынша, аталған орынжайдан адамдар дер кезінде шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Орынжайдың иесі - «Астана Конструктив» ЖШС.

Еске салайық, бұл шатыр үстіндегі қардың уақытылы тазаланбауынан болып отырған бір аптадағы екінші оқиға.

Соңғы жаңалықтар