Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада қант, ұн және жарма өнімдеріне баға арзандатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі қант, ұн және жарма өнімдерін жеткізетін компаниялармен бағаны арзандату туралы келісімге келді. «Қазір біз Астана қаласының әкімдігімен өзара келісімге келдік.

Астанада қант, ұн және жарма өнімдеріне баға арзандатылады

Алдағы уақытта қант бағасын алты теңгеге арзандатамыз. Жаңа бағаны егін жинау науқаны аяқталғанға дейін ұстап тұрамыз. Дегенмен, баға тағы бір ай құбылып тұрады»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан «Мир круп» компаниясының директоры Мұхамедияр Саудагеров.

«Астық логистика» компаниясы да қала әкімдігімен келісімге келіп, ұн бағасын тұрақтандырған. Ал, «Сапа нан» компаниясының директоры Владимир Савинов жуық арада нан бағасы да арзандайтынын айтты.

«Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс істеп, қазір нан жеткізетіндермен келісімге келдік, енді нан бағасы қымбаттамайды. Алдағы уақытта меморандумға қол қойып, зауыттан шығатын бағаны 70 теңге көлемінде сақтаймыз»,-деді ол.