08:58, 24 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Астанада қарақшылық жасаған ресейлік Испанияда ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM - Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды.

2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.
Осыған дейін кәмелетке толмаған қызға азғындық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам Ресейден экстрадицияланғанын жазған едік.