Астанада каратэ-до шито-рюдан Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласының «Жастар» спорт сарайында 6 мен 15 жас аралығындағы жас спортшылар арасында каратэ-до шито-рюдан Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Туризм және спорт министрлігі, елорда әкімдігі, ҚР каратэ-до шито-рю федерациясы ұйымдастырып отырған ҚР біріншілігіне республиканың барлық өңірлерінен 200-ден астам спортшы жиналған.«Каратэ ? физикалық күш пен техниканы дамытатын әмбебап күресу өнері ғана емес, сонымен бірге өсіп келе жатқан жас қазақстандықтар үшін аса қажет рухани тәрбие болып табылады», - деді каратэ-додан мемлекеттік жаттықтырушы Жандос Санауов.«Өткен жылы Токиода өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Жарыста Қазақстан 13-ші жалпы командалық орын алды», - деп атап өтті ол.
Соңғы жаңалықтар