Астанада каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-16 шілде аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде каратэ-до спортынан ересектер арасында 14-ші, кадеттер мен жасөспірімдер арасында 16-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Чемпионаттың өткізілуіне Азия каратэ-до федерациясы (АКФ) мен «ҚР каратэ-до федерациясы одағы» ЗТБ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.

13 шілде күні (сағат 11:00) жалауы желбірейтін додаға Азия өңірінің 37 елінен мыңға жуық спортшы келетіні күтілуде. Олар 70-тен астам медаль жиынтығын сарапқа салады.

Еске сала кетсек, каратэ-до - Жапониядан шыққан ежелгі жауынгерлік өнер. Каратэ-до Халықаралық олимпиада комитетінің 2016 жылдың 20 тамызындағы шешімімен 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.



Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар