Астанада кәсіпкерлерді шетелдік тәжірибедін өткізуге даярлық курстары басталды

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат -Астана қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» атты төртінші бағыты аясында экономика саласының басшы қызметкерлерінің және менеджерлерінің біліктілігін арттыру курстары ашылды.
None
None

Аталған курстар елордадағы «Тұран-Профи» Халықаралық академиясының базасында ашылған. Академия ректоры  Мәнен Омаровтың айтуынша, «Іскерлік байланыстар» бағдарлама тармағының негізгі мәні отандық кәсіпорын басшыларын шет елдердегі тәжірибеден өтуге даярлау болып табылады. Ректордың сөзіне қарағанда, бұның өзі қазақстандық бизнес өкілдерін тек тәжірибе алмасып қана қоймай,  өз кәсібінің ауқымын кеңейту бойынша өзаратиімді келісімшарттар жасауға да септігін тигізеді.

«Экономикалық даму және сауда министрлігінің қолдауы арқасында Германияға, сосын АҚШ-қа 400-ге тарта кәсіпкер барып келді. Бұлардың тиімділігі зор. Мәселен, біздің кәсіпкерлер жалпы сомасы 65 млн. еуроға жабдықтар, қондырғылар мен технологиялар алу туралы келісімшарттар жасасты», деді - М. Омаров.

Соңғы жаңалықтар