Астанада қатерлі ісік ауруының деңгейі төмендеді

Елордалық медицина қызметкерлерінің айтуынша, қатерлі ісіктен өлім-жітім 2012 жылы 0,5%-ға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 81,3-ті құрады.
Сондай-ақ, Басқарманың мәліметі бойынша, онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде анықтау мүмкіндігі ұлғайды. Ол 2011 жылғы 49,5 %-дың орнына 53,9%-ды құрады.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, мұндай нәтижелерге қала тұрғындарының арасында скрининг жүргізудің арқасында қол жеткізілді. Астанада тегін негізде тексерудің 10 түрі жүргізіледі. Олардың 3-уі: сүт безі, жатыр мойыны қатерлі ісігі, тік шек ісігі сияқты онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде анықтау болып табылады.
Ведомстводан хабарлағанындай, халықаралық стандарттарға сәйкес маммографиялық суреттерді мұрағаттаудың электронды базасын жасау үшін бүгінгі күні емханалардың барлық маммографтарын тізімдеу жұмыстары аяқталып қалды.
Еске салайық, 2012 жылы наурызда қалалық онкологиялық диспансер базасында 10 төсектік балалар онкологиясы ашылған болатын. Өткен жылы онда 35 бала емделді. Бұрын онкологиялық аурумен ауратын балалар Алматы қаласына жіберілетін.
2012 жылы елорданың 15 онкологы Оңтүстік Корея (10), Израиль, Ұлыбритания, Латвия, Беларус пен Ресей сияқты алыс және жақын шетелде біліктілігін жетілдірді. Өз кезегінде шетелдің онкология саласындағы жетекші мамандыры қалалық онкодиспансер базасында 10 шеберлік-дәрісін өткізіп, 6 ота жасады.