Астанада қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 19 қыркүйектен бастап Астанада Қазақстан өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады.

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей жаңа өнімдер сатып ала алады.

Жәрмеңкелер әр демалыс сайын төмендегі кесте бойынша өтеді:

* 19–20 қыркүйек — Қызылорда және Атырау облыстары;
* 26–27 қыркүйек — Абай, Алматы және Маңғыстау облыстары;
* 3–4 қазан — Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;
* 10–11 қазан — Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;
* 17–18 қазан — Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары;
* 24–25 қазан — Қарағанды және Қостанай облыстары.

Жәрмеңкелерде жергілікті өндірушілердің кең ассортименттегі өнімдері ұсынылады. Атап айтқанда, ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөністер, жемістер және басқа да тауарлар сатылады.

Жәрмеңкелер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында жұмыс істейді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.

Өткен жылы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне еліміздің 17 өңірінен 600-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысты. Жәрмеңке барысында ет, балық және сүт өнімдері, бакалея, көкөністер мен жемістерді қоса алғанда, 10 мың тоннадан астам өнім сатылды.