Астанада қазақ киносының онкүндігі өтеді

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласында қазақ киносының онкүндігі өтеді.
None
None

Қазақфильмнің баспасөз орталығы хабарлағандай, 6 желтоқсан күні сағат 11:00-де Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында Астанадағы қазақ киносының онкүндігінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатына қатысушылар арасында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев, Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев, Гүлнар Досматова, Берік Айтжанов, Әсел Сағатова сияқты актерлер, сондай-ақ кинокартиналардың шығармашылық топтары бар.

Баспасөз мәслихаты кезінде «Жас ұлан» сериалы DVD-дисктерінің, «Қазақ елі» анимациялық сериалы мен «Қазақ киносының анологиясының» тұсаукесері болып өтеді.

Соңғы жаңалықтар