Астанада қазақ күресін дамыту мәселелеріне арналған тұңғыш конференция ашылды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде «Қазақ күресінің өткені, бүгіні мен болашағы» тақырыбында I республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
None
None

Қазақ күресінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған ғылыми мәжіліске белгілі тарихшы ғалымдар, танымал бапкерлер мен спортшылар қатысуда. Олар қазақ күресінің даму тарихын зерделей отырып, оны қолжетімді бұқаралық спорт түрі ретінде дамыту мәселелерін талқылауда. Сондай-ақ күрестің киімі, белдесудің әдіс-тәсілдері, ережелер мен төрешілердің біліктілігін арттыру жайы сөз болмақ. Осыған орай, конференцияның бес секциялық отырысы өтеді.

Конференция аясында қазақтың маңдайалды палуаны Қажымұқанның белдігі мен медальдарының көрмесі, сондай-ақ жалпы қазақ күресінің тарихына арналған көрме ашылды.

Соңғы жаңалықтар