Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың күзінде Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы-2016» республикалық турнирының финалына арналған баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Энергетика министрі, қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай биыл қазан-қараша айларында Астана қаласында қазақ күресінен әлем чемпионатын ұйымдастырамыз. Келесі жылы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің қарсаңында «Әлем барысы» өтеді»,-деп хабарлады Қ.Бозымбаев.

Айта кетейік, 3 шілде күні Астанада «Қазақстан барысы-2016» турнирінің финалы болады.

«Қазақстан барысы» республикалық жарысының биылғы жеңімпазы 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер иеленеді.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрермендердің билеті бойынша да автокөлік ойнатылады. Балуандар жарысын ««KazSport»» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч!Боец» арнасы тікелей эфирден көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар