Астанада «Қазақстан - болашаққа ұмтылған ел. Ұлттық көшбасшы факторы» кітабының таныстырылымы өтті

ong> АСТАНА.  Қыркүйектің    29-ы.  ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ -  Сейсенбі күні елордалық  «Риксос»      отелінде   «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Дархан Кәлетаевтың  «Қазақстан -  болашаққа  ұмтылған  ел.   Ұлттық  көшбасшы факторы» кітабының   таныстырылымы  өтті.

Астанада  «Қазақстан -  болашаққа  ұмтылған  ел.   Ұлттық  көшбасшы факторы» кітабының   таныстырылымы  өтті

Бұл   шараға    көрнекті   саяси  және   қоғам қайраткерлері,   сондай-ақ қазақстандық жетекші  бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.

 Бұл  еңбек  -  Қазақстанның өткенін,   бүгінгісі мен   келешегін   саралаудың  жаңа  талпынысы  болып   табылады  және         тәуелсіз республика  тарихындағы  Елбасының рөліне арналып   отыр.

 Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік  кеңесінің  хатшысы   Марат Тәжин  атап көрсеткендей,  кітаптың    ерекшелігі сол,    автор   Қазақстанның  қалыптасуы мен дамуын    Елбасының саяси көшбасшылығының  призмасы арқылы      зерттеуге   тырысқан. «Бұл еңбектің  басты   құндылығы -  онда     Нұрсұлтан Назарбаевтың   саяси  стилінің кейбір   қыр-сырлары    қысқа  әрі  нұсқа   көрсетілген»,  - деп  атап  көрсетті Қауіпсіздік  кеңесінің  хатшысы.

 М.Тәжиннің    пікірінше,  Д.Кәлетаевтың  еңбегі     қазақ  мемлекеттілігіне,    даму моделін таңдауына,    этникааралық  проблемаларға және  басқа да  мәселелерге   қатысты   бірқатар түйінді  мәселелерге      алдын ала жауап береді.