Астанада Қазақстан гепатологтарының конгресі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 16 және 17 желтоқсан күндері Қазақстан гепатологтарының ІІІ конгресі өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас гепатологы Күлпаш Қалиасқарова мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Конгресс жұмысына отандық мамандармен қатар, АҚШ, Англия, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Армения және Ресей профессорлары қатысады.

«Елдің барлық өңірлерінен бауыр ауруларын емдейтін докторлар келеді. Бізге мұндай кездесулер әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Олар - әлемдік гепатология саласында танымал үздік мамандар», - дейді Қалиасқарова. 

Конгреске гастроэнтерологтар, жұқпалы ауру мамандары, терапевтер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, xирург трансплантологтар, балалар xирургі, онкологтар, эндоскопия дәрігерлері, диагностикалық мамандар қатысқалы отыр.

Хирургтармен бірге бауыр трансплантологиясы мәселелері, С және В гепатиттерін емдеудің озық шешімдері, бауыр циррозы сынды тақырыптар бірлесіп талқыланады.

«2016 жылы маусымда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылы С гепатитінен толық арылу бағдарламасын қабылдады. Аталмыш ауқымды мақсатты орындау үшін ДДСҰ бірқатар ұсыныстар жасады: 2030 жылға қарай С гепатитін 90%-ға кеміту үшін, диагностикалық оқиғаларды 90%-ға жеткізу шарт», - дейді бас гепатолог.

Соңғы жаңалықтар