10:05, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Астанада Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның қаржы-бақылау органдарының жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылы талқылануда
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қаржы-бақылау органдары мен қадағалау органдарының өзара іс-қимылы» тақырыбында халықаралық конференция басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференцияда мемлекеттік ресурстарды пайдаланудағы құқықбұзушылықтар мен айлакерлік әрекеттермен күрес мәселелері, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық кооперция мен өзара іс-қимылды үйлестіру жайы талқылануда. Мәжіліс барысында Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның қаржы-бақылау органдары мен қадағалау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім шығару жоспарланып отыр. Конференцияға осы республикалардың Есеп палаталары мен Комитеттерінің басшылары, Бас прокуратура, құқық және қаржы органдарының өкілдері қатысуда.