Астанада Қазақстанда тігілген әйелдер киімі сатылатын дүкен ашылды (ФОТО/ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Гардероб А1 атты қазақстандық киім тігушілердің өнімі сатылатын әйелдер киімі дүкені ашылды.

Астанада Қазақстанда тігілген әйелдер киімі сатылатын дүкен ашылды (ФОТО/ВИДЕО)

Мұнда әйелге тән нәзіктікті, сұлулық пен сымбатты, сәнді бағалайтын жандарға киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар, сәнді әшекей бұйымдар және өнер мен сәнге қатысты басылымдар ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, жаңа дүкенде тұрақты түрде сәнге қатысты түрлі шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылып тұрмақ.

Айта кетейік, дүкенде «AtelierA1» қазақстандық киім бренді таныстырылды.

2 3 4 5 6 7 8 9 0 1 2 3 4 5 6