Астанада қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша Сараптама кеңесінің І отырысы өтті

деп хабарлайды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
«Сараптама кеңесін құрудың мақсаты - қазақстандық тауар өндірушілердің проблемаларын талқылау және әрбір кәсіпорынның проблемалары бойынша жеке тәсілдер қолдану арқылы нақтылы шешімдер қабылдау», - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Отырыста бірқатар мәселелер, олардың ішінде: ҚР Үкіметінің 2003 жылғы наурыздың 15-індегі қаулысымен бекітілген тауарларды түбегейлі өңдеудің талаптарына және ҚР Үкіметінің 2009 жылғы қазанның 22-сіндегі қаулысымен бекітілген Тауарлардың шыққан елін анықтау және тауарлардың шыққаны туралы сертификаттар беру жөніндегі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу талқыланды.
Сараптама кеңесінің отырысына мемлекеттік органдардың, бизнес ортаның, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП және Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.