Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде Кенесары көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

— Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде Кенесары көшесіне орташа жөндеу жүргізеді. Осыған байланысты, 5-11 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады, — делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бұған дейін Астанада 30-дан астам автобустың бағыты уақытша өзгергені белгілі болды.