Астанада кесілген ағаш материалдарының базарында өрт болды

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Астанада кесілген ағаш дайындамалары базарының аумағында өрт болды.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт 8 қараша күні, таңертең, «Нұр береке 555» ЖШС-ның кесілген ағаш дайындамалары базарында болды. Күзет қызметі үшін уақытша жабдықталған ғимарат жанған, жалын кейін құрылыс материалдарына тарады.

Тілсіз жаудың ошағы 15 минутта жойылып, тағы 44 минуттан кейін толығымен ауыздықталды.

Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртке оранған аумақ 25 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар