17:06, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада киокушинкай каратэ-додан халықаралық турнир өтеді
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Наурыздың 1-інде Астанадағы «Каспий» спорт ойын-сауық кешенінде «Астана – есірткісіз қала» ұранымен киокушинкай каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер және ерлер арасында екінші халықаралық турнир өтеді.
Ол «Нұр Отан» ХДП 10 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ұлттық команда және спорт резервтері балалар мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан қалалары мен облыстарының спортшылары қатысады.