Астанада Қытайдың жібек өнерін танытатын халықаралық көшпелі көрме ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Ұлттық музейінде «Керемет жібек: Қытайдың заманауи жібек өнері» халықаралық көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жоба Қытайдың Жібек музейі, Хучжоу және Тұрпан музейлерімен бірлесіп ұйымдастырылған.

көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Көрменің ашылуында Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь өркениеттер арасындағы өзара алмасу бейбіт даму мен ынтымақтастықтың негізі екенін айтты.

көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform


— Өркениет алуан түрлілігімен құнды, өзара алмасу арқылы тоғысады, өзара ықпалдастық арқылы кемелденіп, дамуға жол ашады. Қытай ұсынған Жаһандық өркениет бастамасы әлем өркениеттерінің алуан түрлілігін құрметтеуге үндейді, — деді елші.

Хань Чуньлинь
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Оның айтуынша, Қытай мен Қазақстан мәдени мекемелер арасындағы байланысты күшейтіп, гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті.

Көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform


— Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі Қытай мен Қазақстанның мәдени мекемелері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің гуманитарлық саладағы алмасуы мен ынтымақтастығын тереңдетуге барынша қолдау көрсетіп, барлық қажетті көмекті ұсынатын болады, — деді Хань Чуньлинь.

көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Көрме аясында Қытайдың дәстүрлі жібек мәдениеті мен заманауи жібек өнерін ұштастырған бірегей туындылар ұсынылды.

көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Экспозиция келушілерді ежелгі Жібек жолының мәдени мұрасы мен қазіргі дизайнерлік сәнмен таныстырады.

көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform
көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform
көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform
көрме
Фото: Камила Мүлік/Kazinform

Айта кетейік, бүгін Астана күні қарсаңында экологиялық жобалар көрмесі мен фестиваль ұйымдастырылған болатын.