Астанада қоғамдық көлік кестесі өзгеріске ұшырады

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ № 130 және № 34 бағдарлардың жолын ұзарту туралы шешім қабылдады.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жаңа жол кестесіне сәйкес № 130 бағдары соңғы аялдама - «Шарын базарынан» бастап екінші шеттегі Қарасай батыр көшесінде орналасқан «№ 36 мектеп» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді де, әрі қарай - К. Байсейітова көшесі - Фахт Бен Абдул Азиз көшесі - Ақан сері көшесі - Алмалық көшесі - соңғы аялдама - «Тұлпар» ат спорты кешеніне дейін барады. Кері қайтар жолында Қарасай батыр көшесінің орнына Конституция көшесімен жүреді.
№ 134 бағдар енді «Локомотив құрастыру зауыты» аялдамасынан бастап индустриалды парктегі «Мақсат» ЖШС-ға дейін жүреді.
Аталған маршруттардың қозғалыс кестесін өзгерту шет аймақтарға көрсетілетін көлік қызметін жақсарту мақсатында жасалды.