09:41, 24 Ақпан 2017 | GMT +5
Астанада қоқысты жинамаған құрылыс компаниялары жазаланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 17-23 ақпан күндері жүргізілген құрылыс алаңдарының мониторинг қорытындысы бойынша үш құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратының Фейсбуктағы парақшасында Жамал Әбікенова хабарлады.

Құқық бұзушыларға қатысты мұндай шараларды «Есіл» ауданының әкімдігі аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметімен бірігіп қабылдады. Құрылыс компаниялары Астана қаласының аумағында абаттандыру, санитарлық күту, тазалау мен тазалық сақтауды ұйымдастыру балаптарын бұзғаны үшін жазаланды.
Оларға салынған айыппұл көлемі 272 мың 280 теңгені құрайды. Құқық бұзушылар арасында «Құлагер» ЖШС, «Омис Строй» ЖШС, «Арғымақ 2014» ЖШС бар.