Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды

көлік аялдамаға соғылды
Фото: видеодан кадр

Астана қаласының Полиция департаменті аялдамалардың бірінде болған көлік апаты туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 қыркүйекте сағат 08.31-де «Mеrcedes-Benz» автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді», - деп жазылған департаменттің дерегінде.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр.

«Зардап шеккендер арасында қаза болған ешкім жоқ», - дейді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Соңғы жаңалықтар