Астанада компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған II Халықаралық көрме-конференция өтті

Іс-шараның ұйымдастырушысы ҚР Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының, ҚР Жоба менеджерлерінің одағы мен Қазақстанның «ҚАЗКА» Кәсіпкерлер қауымдастығының қолдау көрсетуімен «ExpoDesignGroup» көрме компаниясы болып табылады.
II Халықаралық «KazTraining&Consulting-2013» көрме-конференциясының жұмысына Қазақстанның түрлі қалаларынан, ТМД елдерінен және шетелден 60-тан астам ұйым, сондай-ақ халықаралық атаққа ие 45-тен астам кәсіпқой спикер мен бизнес-жаттықтырушы қатысты.
Көрмеге ірі холдингтік компаниялар, банктер, шағын және орта бизнес, мемлекеттік ұлттық компаниялардың өкілдері, HR-бөлімдерінің басшылары, сарапшылар мен бизнес-жаттықтырушылар шақырылды. Екі күн аралығында олар қысқа мерзімді оқытудың жаңа әдістемелері мен нарықтағы қызметтердің сан алуан түрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Консалтингтік және тренингтік компаниялар, халықаралық және жергілікті оқыту орталықтары, біліктілікті арттыру орталықтары, рекрутингтік агенттіктер, психологиялық және тіл орталықтары өз қызметтерінің кең топтамасын ұсынды, сондай-ақ,білім гранттары мен іскерлік туризм қызметін ұсынатын ұйымдар оқытудағы технологиялар мен құрал-жабдықтармен таныстырды.
Конференцияның іскерлік бағдарламасы мазмұнды өтті. Қазақстан, Ресей және шетелдің жетекші спикерлері оқыту және адами қорларды басқаруға қатысты 80-ге жуық шеберлік сыныбын, тренинг, бизнес ойын, таныстырылым мен семинарды өткізді.
Қызметкерлерді дамыту - кез келген ұйымның табысқа жетуінің маңызды шарттарының бірі. Бұл, әсіресе, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаңдауына байланысты кәсіби білімдер мен дағдылар тез ескіретін біздің заманымызда аса көкейтесті мәселе. Қызметкер біліктілігінің компания қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі оның қызметінің нәтижелеріне кері әсер етеді. Сондықтан компанияның дамуы үшін оның басты әлеуетін - қызметкерлерді дамыту қажет. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жүйесі олардың кәсіби шеберлігін арттырып, бойында заманға сай экономикалық ойлау мен топта жұмыс жасай білуді қалыптастырады. Оқыту мен дамыту үрдістерінің арқасында еңбек өнімділігі және жалпы кәсіпорынның тиімді қызмет етуі арта түседі.