Астанада Конституция аллеясы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияның күшіне енген күні елордадағы Мәңгілік Ел даңғылының бойында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанында жаңа аллея ашылды.

Астанада Конституция аллеясы ашылды
Фото: Конституциялық Соты

Астана жаңа қоғамдық орындарды ашуды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл аллеяның өзіндік ерекшелігі бар, ол оның символдық мәнінде.

аллея
Фото: Конституциялық Соты

Конституция – мемлекеттің Ата Заңы ғана емес, күнделікті өмір мен нақты істерде көрініс табатын ортақ құндылықтардың негізі.

аллея
Фото: Конституциялық Соты

Аллеяның дәл осы күні ашылуы жасампаздыққа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаны жасауға әрі дамытуға деген ұмтылысты және еліміздің одан әрі көркеюіне ортақ жауапкершілікті білдіреді. 

Айта кетелік елордада «Анаға тағзым» аллеясы ашылған еді.