Астанада көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған лагерь ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас шуақ» жазғы лагері ашылды. Жазғы демалыстың үш айында бұл лагерьде жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан 100 бала демалады.
None
None

100 балаға арналған демалыс «Замандас 21» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жас шуақ» жобасы аясында өтеді. Бұл игі іс «Ақниет» жеке қорының демеушілік көмегінің арқасында жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жазғы лагерьде 80 бала мен жасөспірімдердің қабілеттіліктерін танытуына мүмкіндік беріліп, жалпы және психологиялық саулықтарын нығайту үшін шығармашылық, әлеуметтік және спорттық іс-шаралардың кешенді түрде өткізілуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 10 күндік Щучинск-Бурабай демалыс аймағында орналасқан «Континент» балаларды сауықтыру орталығына арналған жолдамалар 20 балаға салтанатты түрде берілді.

«Ақниет» жеке қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева өзінің құттықтау сөзінде: «Балаларға қамқорлық - бұл бәріміздің үлкен жауапкершілігіміз, сондықтан балаларға жан-жақты жағдай жасауға әрқайсымыз үлесімізді қосуымыз қажет» - деп атап өтті.

Аталған жоба балаларға салауатты өмір сүру қағидаларын үйренуге, жаңа білімдерді игеруге және әр баланың жеке тұлға болып өсуіне мүмкіншілік береді. Балалар лагерінің салтанатты ашылуында ата-аналар алғыс сөздерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар