Астанада көпқабатты үйден секірмек болған тұрғын қалай құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зайыбымен жанжалдан кейін Астанадағы көпқабатты үйдің шатырына шыққан ер адам көршілерін әбіргерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін белсенді азаматтық позиция танытқан адамдарға полиция алғысын білдіреді. 15 қаңтарда сағат 17:00-дер кезінде полицияға көпқабатты үйдің шатырынан ер адам секіруге оқталғандығы туралы хабар келіп түсті. Тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдері оны мұндай қадамға бармауға көндірген. Оқиға орнына келген полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтау үшін ер адамды «Байқоңыр» ауданындағы полиция басқармасына жеткізді», - делінген Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, ер адам отбасылық жанжалдан кейін осындай тәсілмен зайыбының назарын аударуға шешім жасаған.

«Медициналық куәландыру барысында аталған тұрғын ішімдікке масайғаны анықталды. 33 жастағы осы адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деп нақтылады департамент.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы тұрғын үйдің шатырына шыққан ер адамға қатысты видео таралған.

Соңғы жаңалықтар
telegram