Астанада Қорғалжын тасжолы ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қорғалжын тасжолында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

жол салу
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1-20 шілде аралығында Қорғалжын тасжолында автоматтандырылған өлшеу жүйесін (АӨЖ) орнатуға арналған бетон негізі мен жабын құрылысын салу жұмыстары жүргізеді. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Астанада Қорғалжын тасжолы ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Астанада Домбыра күніне орай мультимедиалық шоу өтетінін жазғанбыз.