Астанада Қостанай облысының мәдениет күндері аясында А. Байтұрсыновтың махаббаты жайлы спектакль қойылады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 20 қазанда жаңа Оқушылар сарайының сахнасында Қостанай облысының елордадағы мәдениет күндері аясында «Ақ келіннің махаббаты мен қазасы» спектаклі қойылады. Бұл туралы astana.kz сайтына М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әдеби-драмалық бөлімінен хабарлады.
None
None

Қостанай облысы орыс драма театрының спектаклі шынайы оқиғаға негізделген. Онда Бадрисафа (Александра Ивановна) мен оның күйеуі Ахмет Байтұрсыновтың махаббаты туралы айтылады. Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары орын алған қайғылы оқиғалар орын алғанда оянған махаббат ғашық жүректердің қарым-қатынасын ашық жеткізеді.

Спектакль көп адамның қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады, осы мақсатта мұрағаттар тексеріліп, тарихи экспедициялар ұйымдастырылды, құжаттағы ақпараттар, куәгерлердің сөздері жиналды. А.Байтұрсыновтың орыс жұбайының тағдыры туралы қойылымға ғалым Зұлқарнай Алдамжар мен кәсіпкер Алмат Тұрсынов ықпал етті. Театрландырылған қойылымға материалдар әзірлеуге журналист Назира Жарымбетова, өлкетанушы, Байтұрсыновтар әулетінің тарихының авторы Ибрагим Ағытай көп үлес қосты. Спектакльдің авторлары - Людмила Фефелова мен Қабылхат Сейдахмет. Ал «Ақ келіннің махаббаты мен қазасы» спектаклін қою идеясының авторы - педагог, белсенді қоғам қайраткері, «Нұр Отан» ХДП Қостанай облысы филиалының жетекшісі Римма Бектұрғанова.

Спектакль орыс және қазақ тілінде қойылады (орыс драма театры құрылған 90 жылда бұл екі тілде қойылатын тұңғыш қойылым). Бұл спектакльді көпшілік үшін түсінікті әрі жақын етеді. Сонымен қатар, қойылым барысында деректі кинохроника да көрсетіледі. Ахмет Байтұрсыновтың рөлін сомдаған Құдайберген Айдосов өзінің кейіпкерін асқан шеберлікпен ойнап шықты. Бадрисафа (Александра) Байтұрсынованың рөлін екі актриса іріктелді. Юлия Кудряшова ғашық, әрі сүйген жарымен қосылуға дайын қыз - жас Сашаны ойнаса, Татьяна Заводовская басынан көп қиындықты өткерсе де, махаббатына адал болған кемел жастағы әйелді сомдайды.

Еске салайық, спектакль 20 қазанда сағат 18.00 Қостанай облысының мәдениет күндері аясында Оқушылар сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар