Астанада көзі нашар көретіндер үшін арнайы автобус бағдары бөлінді

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтекауданы, 78 көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қауымдастығы» ҚБ мен «Аль-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
№ 1А маршруты қолданыстағы № 1 бағдардың базасында дайындалған.
№ 1А бағдарының жүру кестесі:
- «Кирпичный т/а» аялдамасынан бастап «Бараев көшесі» аялдамасына дейін № 1 маршруттың кестесімен сәйкес қозғалады, ары қарай Қабанбай батыр даңғылынан тікелей жүріп өтіп, солға - Космонавтар, оңға қарай - Арай көшесі - соңғы аялдама «Шұбар» мөлтекауданы.
Кері бағытта Арай көшесі, ары қарай оңға Сарайшық көшесі - оңға Қабанбай батыр даңғылы - ары қарай кестеге сәйкес қозғалады.
«Астана LRT» бұл шараны тұрғындардың өздері жасаған өтінішінен кейін қабылданғанын айтты.
«Мұның алдында көзі нашар көретіндер алыста орналасқан аялдамаға келуге мәжбүр болатын, ал қазір автобус «Шұбар» мөлтекауданында орналасқан «Қазақ зағиптар қауымдастығы» ҚБ орналасқан жерге дейін жақындатылды.
Аталған автобус күніне 10 рет қатынайды, аралығы 40 - 55 минуттан.
Уақыты: таңғы сағат 06.30-дан кешкі 20:57-ге дейін.