18:31, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын қолдау» жобасы аяқталды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» жобасының аяқталуына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Аталмыш жобаны Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының орталығы және Данияның Адам құқықтары жөніндегі институты жүзеге асырған болатын. Дөңгелек үстел отырысына Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпус өкілдері мен ғылым саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәжіліске қатысушылар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарды. Аталмыш жоба аясында жүзеге асрылған шаралар Қазақстандағы омбудсмен институтын институт ретінде дамытуға ықпал етті.