20:49, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Астанада ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі алқасының отырысы өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Жұма күні, қаңтардың 15-інде ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді,

деп хабарлайды ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Алқа отырысы сағат 14.00-де өтеді, онда министрлік жұмыстарының негізгі қорытындылары, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ 2009 жылғы негізгі қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттері қаралады.