Астанада қуат үнемдейтін шыны зауыты ашылады
АСТАНА. Астанада 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанда тұңғыш қуат үнемдегіш әйнектер өндіретін зауыт ашылуы жоспарланған,
деп хабарлайды «ҚазшыныҚұрылыс» компаниясының ресми порталы.
Зауыт республикадағы қауіпсіз шыны мен жылу-қуат үнемдейтін шыны пакеттерін шығарады. Басшылықтың мәліметтері бойынша, жаңа шыны өндірісі салынып бітсе, бүгінгі нарықта оған тең келер бәсекелес болмайды. Кәсіпорын робот техникасын қолдануымен және әлемдік қуат үнемдейтін технологиялардың талаптарына сай шыны шығаруымен ерекшеленеді. Бұл бастама Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында өте өзекті болып отыр.
Қазақстандық «ҚазШыныҚұрылыс» өндірісі - республикадағы осы бағытта қолға алынып отырған алғашқы кәсіпорын. 2008 жылы өзінің инновациялық жаңалықтары үшін компания ел президентінің «Алтын Сапа» байқауында «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын» аталымында «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығымен марапатталды.