11:36, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Астанада құрылыс нысанында екі жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында Орынбор көшесінде салынып жатқан нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде 6-шы қабаттан «Казбиинжениринг» ЖШС-ның 20 жастағы жұмысшысы құлап, қаза тапты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады .
Сондай-ақ «Жағалау-3» шағынауданында «Памир» тұрғын үй кешені салынып жатқан нысанда да құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 6-шы қабаттан «ПолитТрентАстана» ЖШС жұмысшысы құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды.