Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Достар, өздеріңіз білетіндей, қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз бұл тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал, үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады», - деп жазады Жеңіс Қасымбек.

Қала әкімі үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын айтады.

«Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – «Алтын бұлақ» және «Садовые кварталы» тұрғын үй кешендері. Жалпы, үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен, «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды. «Тұмар» тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған «Территория комфорта-1» бойынша сұрақтар қозғалды», - деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар